Placeholder
Фото t.me/orchestra_w
Мир29 сентября 2023, 16:50

Британдық барлау: «Вагнер» содырлары Бахмуттың төңірегінде шоғырланған

Британ барлауының мәліметінше, «Вагнер» содырлары Бахмуттың төңірегінде шоғырланған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Британ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, «Вагнер» содырлары Украинаға жеке-жеке және шағын топтарда, әртүрлі ресейшіл бөлімшелер – Ресей қарулы күштері мен басқа да ЖӘК құрамында қайта орналаса бастаған.

Лондонда "Вагнер" Пригожин көтерілісіне дейін Украинадағы соғыс қимылдарына қатысуды тоқтатқанын еске алады.

Бұрын жалдамалылар Бахмут үшін бірнеше ай соғысқан, сондықтан олардың таныс аумаққа оралуы түсінікті жәйт.

Британдық барлау Вагнер Содырлар Бахмут

Новости по теме