Placeholder
Фото: ТАСС
Мир26 сентября 2023, 11:30

Британ барлауы: Бахмут пен Орехов маңында орыс әскері сәтсіздікке ұшырады

Британ барлауының мәліметінше, Бахмут пен Орехов маңында орыс әскерінің қарсы шабуыл жасау әрекеті сәтсіз аяқталған, - деп хабарлайды Arbat.media

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің күнделікті есебіне сәйкес, өткен аптада ресейлік әскерлер Орехов және Бахмут бағытында украин күштерінің алға жылжуына қарсы жергілікті қарсы шабуылдар жасамақ болды, бірақ сәтсіздікке ұшырады.

«Екі аймақта да украин күштері ресейлік шабуылдарға тойтарыс беріп, жаңадан азат етілген аумақты бақылауда ұстады», - деп жазды британдық әскерилер.

Ресейлік әскери қауымдастықтың пікірлері, әсіресе Бахмут аймағында «осы қарсы шабуылдарға қатысқандардың қатты көңілі қалғанын» көрсетеді.

Сонымен қатар, түсініктемелерде «ойланбаған» шабуылдар мен ауыр шығындар туралы айтылады.

Британ барлауы Ресей шабуылы Бахмут Орехов

Новости по теме