Берлин операсы Анна Нетребкомен жұмысын неге жалғастыратынын түсіндірді
Берлиндегі опера Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптайды, бірақ ресейлік опера әншісі Анна Нетребко өзінің Ресей билігінен алшақтағанын «сөзімен де, ісімен де» көрсетті деп санайды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Берлин операсының өкілдері DW сауалына жауап берді. .
Олардың пікірінше, 2022 жылдың наурызында Нетребко өзінің украиншыл позициясын «мүмкіндігінше» білдірді, сондықтан онымен ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Нетребконың айтқан сөздеріне соңғы бір жылда украиншыл белсенділер жүйелі түрде қарсылық танытып келеді. Әншіні "Кремльге жақындығын үнемі көрсетіп отырды" және болып жатқан оқиғаға тікелей Путинді кінәламай, "қазіргі соғысқа қарсымын деп немқұрайлы ғана айтты" деп сынға алды.
Нетребконың жаңа театр маусымында Берлин операсында өнер көрсетуіне рұқсат бермеуді талап еткен петиция 28 мыңға жуық қол жинады.