Placeholder
Мир23 июня 2023, 6:05

Атлант мұхитында жоғалып кеткен сүңгуір қайықтағы бес адам қайтыс болды

Төрт күн бұрын Атлант мұхитының түбіне түсіп жоғалған «Титан сүңгуір қайығының мүшелері қайтыс болды, деп хабарлайды \

Бұл туралы батискафты суға батыруды ұйымдастырған компаниясы ресми мәлімдеді.

Ocean Gate операторының айтуынша, сүңгуір қайықтың бортында кәсіпкерлер Хамиш Хардинг, Пәкістанның ең бай кәсіпкері Шахзада Давуд және оның ұлы Сүлейман, зерттеуші Пол-Анри Нарголе және суға түсуді ұйымдастырған Ocean Gate негізін қалаушы Стоктон Раш болған еді.

Бұл адамдар шытырман оқиғаның ерекше рухын және Дүниежүзілік мұхитты зерттеуге және қорғауға деген терең құмарлықты бөліскен нағыз зерттеушілер болды. Біздің жүрегімізде олардың орны сақталады және олардың әрбір отбасы мүшелеріне қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазылған хабарламада.

Атлант мұхиты Сүңгуір кеме өлім

Новости по теме