Мир10 июля 2023, 18:24

Атлант мұхитында сенегалдық 300 адам мінген 3 кеме жоғалып кетті

Атлант мұхитында сенегалдық босқындар мінген үш кеме хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Reuters агенттігі мәліметінше, испаниялық Канар аралдарына жол тартқан кемелерде 300-ден астам босқын болған көрінеді. Қазір олардың барлығы із-түзсіз жоғалғандар есебінде еніп отыр. 

Мигранттарға көмек беретін Walking Borders тобы өкілдері екі кеме (біреуінде 65 адам, екіншісінде 50-60) Сенегалдан кеткен соң екі аптадан кейін мүлдем байланысқа шықпаған. 200 мигранты бар үшінші кеме елден 27 маусым күні жол тартқан.

Африкалық елдерден келетін заңсыз мигранттар үнемі Испания шекарасын кесіп, елге кіруге тырысады. Испаниялық ІІМ деректеріне сәйкес биыл жыл басынан Испанияға 8,5 мың мигрант келген, оның жартысы Канар аралдарына тұрақтаған екен. 

Атлант мұхиты Сенегал

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!