Әскер жасындағы 3500 ресейлік Германиядан баспана сұраған
Әскер жасындағы 3500 ресейлік Германиядан баспана сұрап, 90 ресейлік статус алыпты - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл деректер Германияның Ішкі істер министрлігінің солшыл партияның депутаты Клара Бюнгердің сауалына берген жауабында келтірілген, деп жазады RND медиа тобы.
Сондай-ақ, Көші-қон және босқындар ісі жөніндегі федералдық басқармасының осы уақытқа дейін 1500-ден астам өтініш бойынша шешім қабылдағаны айтылады.
Шамамен 1100 өтініш бойынша ЕО-ға мүше басқа мемлекет баспана беруге жауапты болуы керек.
Поделиться
Читать Arbat media в