АҚШ Украинаға Ресейдің тәркіленген $5,4 млн активтерін береді
АҚШ алғаш рет Украинаға Ресейдің тәркіленген $5,4 млн активтерін береді, - деп хабарлайды Arbat.media.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен бірлескен баспасөз мәслихатында:
«Біз алғаш рет санкцияға ұшыраған ресейлік олигархтардан тәркіленген активтерді Украинаға өткізіп жатырмыз», - деді.
«Путиннің басқыншылық соғысына үлес қосқандар оны төлеуі керек», - деді ол.
Әңгіме 5,4 миллион доллар туралы болып отыр, деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті.
Бұл қаражат Украинадағы соғыс ардагерлерін қолдауға және оларды оңалтуға жұмсалады.
Ақпан айында АҚШ-тың бас прокуроры Меррик Гарланд тәркіленген ресейлік активтерді Украинаға бірінші рет беруге рұқсат бергенін мәлімдеді.
Содан кейін Киев «Царград» телеарнасының негізін қалаушы Константин Малофеевтен 5,4 миллион доллар алатыны хабарланды.