Мир11 июля 2023, 14:30

Африкада қар жауып он жыл бұрынғы жағдай қайталанды

Оңтүстік Африка Республикасының Йоханненсбург қаласында шілде ортасында қар жауды. Бұл құбылыс 10 жылдан бері алғаш рет болып отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

10 шілдеде Оңтүстік Африка тұрғындары үшін таң қаларлық жағдай орын алды. Ыстық құрлықта қар жауып, Африка республикасының орталығындағы күтпеген қыс ауа райы орнады.  Africa News-тің жазуынша, синоптиктер ел халқына күн райы өте суық болатынын ескерткен. Алайда аймақтағы кейбір тұрғындар үшін қардың түсуі қуанышты жаңалыққа баланып отыр. 

Қарды бірінші рет көрген африкалық балалар ерекше қуанышқа бөленді. ОАР-да бұған дейін қар 2012 және 1996 жылдары жауған болатын. 

Сондай-ақ, 10 шілде күні таңертең Ресейдің Магадан облысында қар жауды. 

ОАР Қар

Новости по теме