"Қолдарыңа автомат алып дәлелдеңдер" - Қадыров Мәскеудегі мешіт жайлы
Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясының астанасында мыңнан астам адам мешіттің салынуына қарсылық білдіріп жатқаны туралы ақпарат тарады. Олар Мәскеудің шығыс бөлігіндегі қасиетті көлдің маңында салынады деп жоспарланған мешіттің орнын қаланың басқа жеріне ауыстыруын талап етті, деп хабарлайды Arbat.media
Қазіргі таңда наразылық білдірушілердің талаптарына 16 мың адам қол қойды. Мешіт салуына кедергі келтіріп жатқан азаматтарды Рамзан Қадыров арандатушылар мен қорқақтар деп атады. Ол туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.
Арандатушылар батыс мүдделерін көздеп отыр. Қандай сылтау айтса да бұл айдан анық. Бұндай арандатушыларды жауға қарсы барлық ашу-ызаны сейілту үшін мобилизацияға жіберу керек немесе сатанистерге жағу үшін әрекет жасап жатқан ақпараттық диверсанттар деп соттап жіберу керек, - деп жазды Шешенстан басшысы.
Рамзан Қадыровтың айтуынша жергілікті тұрғындардың наразылығы алдын-ала жоспарланған. Ал осы әдіспен орыс жерін қорғап жатқандар күштерін арнайы әскери операцияда көрсету керек деп айтты.
Қолыңа автомат ал да, орыстың Донбасында соғысып жатқан мұсылманның орнына тұрып, патриотизмді көрсет. Отаныңа деген махаббатыңды сөзбен, арандатушылықпен емес, іспен дәлелде, - деп жазды Рамзан Қадыров.
ММА жауынгерлері де мешіттің салынуына қарсылық білдірді. Айтқан сөздері үшін оларға қауіп төніп тұр.
Менің білуімше мешіт қасиетті православ көлінде салынайын деп жатыр. Грозный немесе Махачкалада мұсылмандар үшін қасиетті жерде православие шіркеуі салынатынын елестетуден қорқамын, - деп айтты MMA жауынгері Максим Дивнич.