Зеленский Қазақстанға көмек үшін алғыс білдірді
Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
Өз сөзінде Зеленский Қазақстанға Украинаға жолдаған гуманитарлық көмекке қатысты алғысын жеткізді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Халықаралық алаңдағы ынтымақтастық туралы талқыладық. Сонымен бірге, Украинаға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғысымды білдірдім, - деп жазды Украина басшысы әлеуметтік желіде.
Бұған дейін Владимир Зеленскийдің Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескені туралы айтылған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в