Placeholder
Евразия11 апреля 2023, 14:47

Валенсияда төрт күндік жұмыс аптасына көшу тәжірибесі басталды

Испанияда Валенсия қаласының билігі дүйсенбіден бастап төрт күндік жұмыс аптасын енгізуді бастады, деп хабарлайды Arbat.media.

ТАСС ақпарат агенттігінің жазуынша, аталған жобаны ресми түрде қала басшылығы мәлімдеген.   

Валенсия 32 сағаттық жұмыс аптасына көшу бойынша эксперименттік жобаны жүзеге асырып жатқан әлемдегі алғашқы қала. Пилоттық жоба 7 мамырға дейін жалғасады. Валенсияда демалыс болып жарияланған айдың барлық дүйсенбі күндері мерекемен сәйкес келіп отыр, - деп жазылған Валенсияның атқарушы органы таратқан мәліметте. 

Тәжірибе кезінде қысқарған жұмыс аптасы тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатына, қоршаған орта мен экономикаға, сауда мен демалысты ұйымдастыру салаларына қалай әсер ететініне сараптама жасалады. Аталған жаңа эксперименттің нәтижесі шілде айында шығатын болады. 

Испания Валенсия жұмыс Апта

Новости по теме