Үндістанның күннің күрт ысуынан 166 адам өмірі үзілді
Үндістанда соңғы бірнеше күнде аптап ыстықтан 166 адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.
Анадолы агенттігінің жазуынша өлгендерден бөлек жүздеген адам аурухана төсегіне танылған.
Жергілікті билік аптап ыстық Уттар Прадеш (119 адам қаза болды) және Бихар (47 адам) штаттарында тіркелгенін атады.
Сонымен бірге, бірқатар ауданда температура 43,5 градусқа дейін көтерілген. Осыдан кейін Бихар провинциясының Патна қаласында 24 маусымға дейін демалыс жарияланып отыр.
Сондай-ақ, ыстық аймақтарда тұрғындарға күн батқанша далаға шықпауға кеңес беріліп отыр.
Поделиться
Читать Arbat media в