Евразия24 марта 2023, 15:17

Түркияның Кахраманмараш аймағында тағы жер сілкінді

Түркияның Кахраманмараш аймағындағы Гёксун ауданында таңғы сағат 03:39 уақытында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Arbat.media.

 Анадолы ақпарат агенттігі табиғи апаттармен және төтенше жағдайлар мен күрес жөніндегі басқармасының (AFAD) мәліметіне сәйкес,  жер сілкінісінің негізгі нүктесі Кахраманмараш провинциясының Гёксун ауданында байқалған.  4,7 нәтижесін көрсетті.

Жерасты дүмпуінің ошағы 7,34 км тереңдікте орналасып, магнитудасы 4,7 нәтижесін көрсетті.

21 және 23 наурыз күндері 4,1-5,3 магнитудасымен Кахраманмарашта жер сілкіністері тіркелген еді. 

Ақпан айының басында Түркияның оңтүстік-шығысында 7 балдан асатын жойқын жер сілкінісі болып, елу мыңға жуық адам қайтыс болды. Зілзала ошағы Сирияда да тіркелді. Табиғат апатынан зардап шеккендердің саны жүз мыңнан асып жығылды. 

 

Жер сілкінісі түркия Апат Әлем

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!