Евразия2 марта 2023, 17:09

Түркиядағы зілзала президент сайлауына кедергі болмайды - Ердоған

Түрік басшысы Режеп Тайып Ердоған 14 мамырда президенттік және парламенттік сайлау өтетінін мәлімдеді,  деп хабарлайды Arbat.media.

Елде болған жойқын жер сілкінісінің зардабы қатты болғанына қарамастан мамыр айында сайлау додасы заң бойынша өтетін болды. Түркия президенті аталған күні әрбір түрік азаматы таңдау жасайтынын атады. 

14 мамырда біздің халық талап ететін саяси науқан өтеді, түркиялықтар сайлауда дауыс береді, - деді Түркия президенті. 

Ақпан айының басында болған зілзала салдарынан кейін елдегі сайлау науқаны кейіне шегерілуі мүмкін екені болжанғна. Алайда ел билігінің сайлауы уақытымен өтетіні белгілі болды. 

Түркия мен Сирия аумағында болған зілзаланың күштілігі  7 балдан асып, 50 мыңға жуық адам қайтыс болғаны айтылды. Сонымен бірге, зардап шеккендері саны он төрт миллион адамға жеткен. 

 

Реджептайып Ердоған Түкрия сайлау Жер сілкінісі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!