Түркиядағы құтқару жұмыстары қатысқан қазақстандық ТЖМ қызметкерлері марапатталды
Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан Астана, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушыларына ҚР Президенттің алғысын жарияланды, деп хабарлайды Arbat.media.
Түркиядағы жойқын жер сілкінісін жою кезеңінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және көрсеткен ерлігі үшін 59 қызметкер марапатталды. Оның ішінде 8 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болған. Сонымен бірге 51 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.
Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою бойынша жұмыс істеген қазақстандық құтқарушылар мен ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы дәрігерлерінің алғашқы эшелоны Отанына 19 ақпанға қараған түні Алматы қаласына аман-есен оралғаны белгілі. Нұрдағы қаласындағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою бойынша жұмыс істеген қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны 2023 жылдың 20 ақпанына қараған түні Астана әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар, туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды.
Қазақстандық кинологиялық есептоптарымыз іздеу-құтқару жұмыстарында да тамаша нәтижелер көрсетті және үйінділер астындағы адамдарды іздеу кезінде өздерінің жоғары біліктілігін растады. Құтқарушы иттер-бельгиялық малинуа Джейкоб, Лига М Сириус және Аксель, Лабрадор Чарли Кинг, неміс төбеті Мирта, Гринпис есімді Бордер Колли нұсқаушылармен және құтқарушылар отрядтарымен бірге әр адамның өмірі үшін бірнеше күн бойы қираған нысандарда жұмыс істеді.