Түркияда жер сілкінісі кезінде 40 балуан үйінді астында қалып қойды
Түрік еліндегі жер сілкіні кезінде Кахраманмараштағы ғимараттың астында 40 балуан мен 14 волейболшының қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Еркін күрестен Рио Олимпиадасының чемпионы түрік Таха Ақгүл жер сілкілінісі кезінде апат аймағында 30-40 балуанның құлаған ғимараттың астында қалғанын мәлімдеді. Сонымен бірге жергілік "Хатай" волейбол клубының 14 ойыншысы да үйінді астында қалған. Fanatik басылымының жазуынша, волейболшы қыздар туралы ешқандай ақпарат әзірге анықталмай отыр.
Кахраманмараштағы күрес клубында біздің 30-40 балуанымыз жаттығыпжатқан ғимарат та қирады. Қазір спортшылар үйінділердің астында жатыр. Шұғыл көмек күтеміз, - деп жазды Олимпиада чемпионы Таха Ақгүл.
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,8 балды көрсеткен жойқын жер сілкінісі болды. Алапат зілзала елде 1939 жылдан кейін болған ең үлкен табиғат апатына баланып отыр.
Қайғылы оқиғадан 1500 астам адам қайтыс болып, он мыңға жуығы жарақат алғаны белгілі болды. Жел сілкінісінен кейін еліміздің президент Қасым-Жомарт Тоқаев түрік басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Сондай-ақ, Қазақстаннан арнайы құтқарушылар мен дәрігерлер тобы апат аймағына аттанды. Жер сілкінісінен кейін Реджеп Тайып Ердоған Түркияда қаралы күн ретінде бір апта бойы аза тұту жариялады.