Евразия11 февраля 2023, 16:21

Түркия мен Сирияда қайтыс болғандар саны 23 мыңнан асты

Түркия мен Сириядағы болған зілзала салдарынан қайтыс болғандар саны күн сайын артып, олардың саны соңғы ресми дерей бойынша 23 700 адамды құрады, деп хабарлайды Arbat.media.

Reuters ақпарат агенттігі түрік жеріндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 20 313 адамға жеткенін, ал Сирияда өлгендер саны 3 500 адам болғанын мәлімдеді.   

Сонымен бірге жарақат алғандар саны жүз мың адамға жуықтады. Өткен тәулікте апат кезінде жарақат алғандар 77 мың адам болса, қазір олардың саны 80 мың адамнан асқан. 

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі болған еді. Төтенше жағдайдан кейін түрік жерінен Қазақстаннан құтқарушылар тобы екі лекпен аттанды. 

түркия Жер сілкінісі Апат Төтенше жағдай

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!