Евразия28 сентября 2023, 13:05

Түркі елдерінің қаржы инвестициялық қоры құрылады

Экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын түркі мемлекеттерінің қаржы қорын құру туралы шарт ратификацияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады. 

«Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы әлемнің турбеленттік жағдайындағы алтын көпір деп атаппыз. Бұның мағынасы кең. Осыдан 15-20 жыл бұрын бізді сынайтын, жақтырмайтын адамдар Орталық Азия елдерінің бірігуінен ештеңе шықпайды дейтін. Олардың мүдделері ешқашан тоғыспайды, су, шекара мәселесін шеше алмайды деген. Түркі бірлігіне келер болсақ, бұл жерде де сол әңгіме. Бұл мемлекеттер әрқайсысы өз бағытымен дамып келе жатыр. Түркі мемлекеттері тек тарих, мәдениет тұрғысынан аспайды деген әңгімелер айтылды. Одан бері талай заман өтті. Геосаяси жағдайлар, төнген қауіптер біздің есімізді жиып, өсуімізге алып келді. Үлкен қадамдар жасалды», - деді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.

Оның айтуынша, кезінде Түріксой, Түркі академиясы секілді құрылған ұйымдар бүгінде саяси форматқа айналды.

«Одан бөлек, ТүрікПА ұйымы құрылып, өз жұмысын белсенді көрсете бастады. Бұл – үлкен жаңалық. Кеше ғана Парламент түркі дүниесінің алғаш экономикалық қаржылық институты түркі қаржы инвестициялық қорын құру туралы шешімді ратификациялады. Алғашқы уақытта бұл ұйымның қаржысы 500 млн АҚШ доллары болса, болашақта артып, нақты экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Дәл осы сияқты жетістіктерді Орталық Азия елдері бойынша да келтіруге де болады», - дейді ол.

 

Айдос Сарым Түркі елдері Қаржы Инвестиция

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!