Евразия10 июля 2023, 16:33

Тоқаев Өзбекстанның президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан президенті Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтаған. Мемлекет басшысы дауыс беру қорытындысы елді орнықты дамытуға, оның тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған Өзбекстан Президенті ұстанымының жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын айқын көрсетеді деп атап өтті.

Әңгімелесу барысында президент қазақ-өзбек қатынастарын стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін атаған. 

Мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты және алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеев сайлау

Новости по теме