Тәжікстанда қар көшкіні кезінде 14 адам қайтыс болды
Тәжікстанда болған қар көшкіні кезінде бір тәулік ішінде 14 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Елдің төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің мәліметіне бойынша Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласында ірі қар көшкіні жүріп өткен.
13 адам қаза тауып, Душанбе-Варзоб (Варзоб ауданы) автожолының 65 шақырымында бір жүргізуші қаза тапты, – деп хабарлады Тәжікстанның ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақпан айының басында Румынияда қар көшкіні салдарынан 60 Турист қонақ үйден шыға алмаған еді. Көшкін 1600 метр биіктіктегі Фагараш тауларынан түскен болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в