Тәжікстан Қазақстаннан әкелінетін ескі көліктерді кіргізуге тыйым салады
Тәжікстан ДСҰ-на мүше елдерден, оның ішінде Қазақстаннан ескі автокөліктерді әкелуге тыйым салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл шектеу 2013 жылға дейін шығарылған көліктерге қатысты қолданылады дейді ҚазСтандарт баспасөз қызметі.
Тәжікстан жыл сайын ауаның ластануына және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін ескі көліктерді әкелуге, сондай-ақ ескі көліктерден болатын қалдықтардың (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) айтарлықтай өсуіне жол бермеуге бағытталған жарлық әзірледі.
Бұл Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Поделиться
Читать Arbat media в