Евразия9 марта 2023, 14:34

Тәжікстан аумағында 6 балға жуық жер сілкінісі тіркелді

Тәжікстан да қуаттылығы 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 9 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 07:36-да жер сілкінісі болғанын мәлімдеді. 

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында  болғаны анықталды. Энергетикалық санаты – 11.7. MPV магнитудасы – 5.7. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер әзірге айтылмады. 

Бұған дейін Тәжікстанда болған жер сілкінісі Алматы мен Шымкент қалаларында сезілген болатын

Жер сілкінісі Тәжікстан Қазақстан Дүмпу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!