Ташкенттегі қоймада болған ірі жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды
Ташкенттегі қоймада болған ірі жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өзбекстанның Сіргелі ауданындағы «Құрылысшылар» массивінде қыркүйектің 27-нен 28-іне қараған түні қоймада жойқын жарылыс болған.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылып, өрттің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар да тағайындалды.
Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің өкілдері барлық тергеу шарасы жедел түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Поделиться
Читать Arbat media в