Евразия10 февраля 2023, 18:09

Стамбулдағы қазақтар зілзаладан зардап шеккендерге 160 мың доллар жинап берді

Стамбулда тұратын қазақ диаспорасы мен сонда тұратын Қазақстан азаматтары жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 160 мың доллар қаржы жинап берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қалада тұратын қазақстандықтар мен студенттер, сондай-ақ жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жіберуге белсенді қатысып жатыр. 

Бірнеше күн ішінде жалпы сомасы 160 мың долларға көмек жинап, оны жіберудің орайы келген. 

Тұрғындарға барлық қажетті заттар, оның ішінде балалар тамағы, киім, жөргектер, азық-түлік, жылы заттар, көрпелер бар. Гуманитарлық көмек көрсету түрік билігі арқылы үйлестіріледі.

Осы ретте қазақстандықтарға Стамбулдағы Бас Консул Әлімбай Әли алғысын білдірді.

6 ақпанда Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болды. 10 ақпандағы жағдай бойынша 20 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың арасында олардың арасында Қазақстанның екі азаматы бар. 9-10 ақпанға қараған түні үйінділерден Мирболат Құрмашевтің денесі табылған болатын. Ал одан бір күн бұрын хабарсыз кеткен Әділ Қадырбековтің денесі  табылды.

Қайғылы оқиғадан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға көңіл айтуы жеделхатын жолдады. Арнайы тапсырма бойынша ел билігі Түркияға 1 миллион АҚШ долларын бөлді. Сондай-ақ, құтқарушылар тобы екі лекпен Түркияның апат аймағына аттанды. 

түркия Зілзала Апат Ақша

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!