Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан Қаһарманы атағына ие болды
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан Қаһарманы атағына ие болды , - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Туркменистан сегодня агенттігі жариялады.
«Құжатқа сәйкес, түрікмен басшысына марапат ұлттық тәуелсіздік принциптерін және Түрікменстанның бейтараптығын нығайтуға қосқан үлесі, мемлекет пен қоғам алдындағы айтулы еңбегі, инновациялық бастамалары үшін берілді», - деді межлис жетекшісі Дуньягозель Гульманова.
Сердар Бердімұхамедов елдің Ұлттық кеңесі отырысында марапатталды.
Бұл атақ мемлекет пен Түрікменстан халқына айрықша еңбегі сіңген азаматтарға беріледі.
Поделиться
Читать Arbat media в