Ресей мен Беларусь алдағы 4 Олимпиададан хабар тарата алмайды
Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь елдерін 2026-2032 жылдар аралығындағы Олимпиада Ойындарын тікелей хабар тарататын мемлекеттер қатарынан алып тастады. Бұл туралы ТАСС халықаралық ақпарат агенттігі жазып отыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Алдағы уақытта Еуропа аумағында Олимпиада Ойындарының эфирін тарату құқығы "Еуропалық хабар тарату одағы" мен Warner Bros Discovery компаниясына беріліп отыр.
2026-2030 жылдардағы Қысқы Олимпиада Ойындары Милан мен Кортина-д'Ампеццода, сондай-ақ Жазғы Олимпиада Ойындары 2028-2032 жылдары Лос-Анджелес пен Брисбен қалаларында өтеді.
Кейінгі жылдары Ресейде төрт жылдықтың бас ойындарының тікелей эфирін көрсету құқығына Telesport компаниясы ие болды. Ол компания 2024 жылғы Парижде өтетін Олимпиаданы көрсету құқығына ие.
Айта кететін жайт, 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада Ойындарына Ресей өз туымен қатысу құқығынан айырылған болатын. 2022 жылы Украина жеріне басып кіргелі Белорусь пен Ресей елінің ұлттық құраламалы әлемдегі барлық жарыстардан шеттетілді. Содан бері қос елдің спортшылары әлем және Еуропа біріншіліктерінен тыс қалды.