Евразия1 марта 2023, 23:07

Ресей әскері Украинада балаларды ұрлап сатып жатқаны әшкереленді

Ресейліктер Украинадан балаларды ұрлап, оларды сатуда. Бұл туралы ТикТок желісінің белсендісі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

“Адырна” ұлттық порталы жазған OLX-те балаларды “ойыншық” деп көрсетіп, сатып жатқаны белгілі болға. екен.

“OLX-те балаларды сатып жатыр. Олардың сату жүйесі бөлек. Ұрлап алғандар балаларды ойыншықтар сияқты сатады. Бірінші ойыншықтардың суретін жүктейді, сосын бағасын көрсетеді. Егер "б/у" деп тұрса, бала зорланған. Ал жаңа деп тұрса, әлі балаға тиіспеген,- деп айтады бейнежазбада. 


Жантүршігерлік жағдай туралы украиналық delo.ua порталы да ресейліктердің Украинадан балаларды ұрлап, сексуалдық сипаттағы бейнероликтер түсіретінін жазған болатын. Қылмыскерлер осындай материалдарды жасау арқылы ақша тауып отыр. Бұл ақпараттың Украинадағы Жоғарғы Раданың адам құқықтары жөніндегі комиссары Дмитрий Лубинец мәлімдеген.

Бағалар жүздеген мың рубльді құрайды. Мысалы, «жақында мектепке баратын» балаға 250 000 рубль ұсынылады. Олар балалардың Украинадан екенін және олардың туыстары жоқ екенін көрсетеді, - деп жазылған жолданған хабарламаларда.

Ол киберполицияға, Ұлттық полицияға және Бас прокуратураға кінәлілерді тауып, жазалау және зардап шеккен балаларды үйлеріне қайтару үшін тиісті шаралар қабылдауға шақырды.

Эмоциялардың барлық ауқымын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ресей Федерациясы біздің балаларымызды жасырын түрде ұрлап, өлтіріп, жер аударып, зорлап жатыр. Қазіргі әлемде бұл қалай болуы мүмкін?!, - деді Дмитрий Лубинец.

Бұған дейін Ресей Украинаға оралғысы келетін балалардың барын мойындаған болатын. Желтоқсан айында Любинецтің кеңсесі 12 000-нан астам украиндық баланың Ресейде екенін анықтаған. Қазіргі уақытта олардың 8 600 жуығын күштеп әкеткенін мәлімдеп отыр. 

Украина Президенттің бала құқықтары және балаларды оңалту жөніндегі кеңесшісі Дарья Герасимчук Ресейге депортацияланған немесе күштеп қоныс аударғандар тізімінде 10,5 мыңнан астам украин баласы бар екенін мәлімдеді. Оның ішінде 128 баланы ұзақ уақытқа созылған келісім нәтижесінде елге әкелген.

Украина Балалар Адам саудасы Озбырлық

Новости по теме