Қырғызстандағы кейбір мешіттер жабылуы мүмкін
Қырғызстанда барлық мешіттің санитарлық нормаларға сәйкестігі тексеріліп, талапқа сай келмейтіндері жабылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ұйымдастырған алғашқы тексерулер Қырғызстанның Талас облысында өтті. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлерімен бірге елшілік, ішкі істер және төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері рейдке шықты. Мемлекеттік санитария-эпидемиологияны қадағалау және облыстық қазыят өкілдері діни мекемелерді тексеруге қатысты.
Кейбір мешіттер мен намазхандарда заң бұзушылық жиі кездескен. Көбінесе өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және санитарлық норма бұзылған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жақын арада республикалық деңгейде тексеру өтетінін атап өтті. Бұл төтенше жағдайдың, сондай-ақ жұқпалы ауру таралуының алдын алуға қажет. Тәртіп бұзған мешіттер жабылады.