Қырғыз парламенті педофилдерге өлім жазасын қолдану туралы референдум өткізуді ұсынды
Қырғыз Жоғары Кеңесінің 61 депутаты педофилдерге өлім жазасын қолдану туралы референдум өткізуді президентке ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.
24.kg-ның жазуынша, жақын арада қаулы жобасы қарауға шығарылмақ. Бұған дейін бірнеше рет кәмелетке толмағандарды зорлаушылар үшін жазаны қатаңдатуды депутаттар ұсынған болатын. Осыдан кейін мұндай қылмысқа барғандарға химиялық кастрацияны енгізу басталған.
Қырғызстанда өлім жазасына 1998 жылы мемлекет басшысы Асқар Ақаев адам құқықтары декларациясының қабылданғанына 50 жыл толуына орай екі жылдық мораторий енгізді. Ол мерзімі аяқталғаннан кейін әр уақытта ұзартылып отырды.
Елдің Конституциясына енген жаңа өзгеріс кезінде өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылған.