Евразия14 июля 2023, 19:25

Қырғыз депутаты сайлауға бармағандарға айыппұл салуды ұсынды

Қырғызстан Жоғарку Кеңешінің депутаты Тазабек Икрамов Қырғызстан азаматтарын елде өтіп жатқан президент пен парламент депутаттарын сайлауға қатысуға міндеттеу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Бұл туралы оның мәлімдемесінен кейін Қырғызстанда оны қолдаушылар қатары көбейген. Жаңа заң жобасына сәйкес, дәлелді себептері бар адамдар сайлауға қатыса алмайтын көрінеді. 

Ал қырғыздың халық қалаулысы  Бішкектің Ленин аудандық бір мандатты сайлау округіндегі науқанға шамамен 15,5 миллион сом жұмсалғанын атап, дауыс берушілер туралы деректерді келтірді. Бірақ сайлау округіндегі тіркелген 124 908 сайлаушының 17 423-і ғана дауыс беруге барған. 

Осыдан кейін депутат көптеген елде сайлауға дәлелді себепсіз қатыспаған азаматтарды жауапқа тарту тәжірибесі барын алға тарта отырып, бұл сайлаушылардың сайлауға қатысуына ықпал етпек екенін атады. 

Айта кететін бір жайт, жаңа міндеттемені орындамағаны үшін жеке тұлғаларға 50 есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды ұсынылып отыр. Бұл сома теңгеге шаққанда 25 мың теңгені құрайды. 

Тазабек Икрамов депутат

Новости по теме