Евразия19 мая 2023, 17:48

«Қорғас» ХСО-да Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынамын - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қорғас» халықаралық сауда орталығында Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынды. Бұл туралы Президент бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазір жаһандық азық-түлік нарығы жиі құбылып тұр. Сондықтан біз осы саладағы ынтымақтастықты нығайта түскеніміз жөн. Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерінің экспортын арттыруға және оның түрін көбейтуге мүдделі. Еліміз бидай және ұн өндіретін әлемдегі ең ірі он елдің қатарына кіреді. Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам бидай мен 1,5 миллион тонна ұн экспорттаймыз, деді Президент.

Сонымен қатар Президент шаруаларымыз сыртқа шығарылатын дәнді және майлы дақылдардың көлемін арттыруға дайын екенін атап өтті.

Олар экологиялық жағынан таза әрі жоғары сұрыпты ет пен органикалық өнімдерді де көптеп жеткізе алады. Есесіне, бау-бақша өнімдері мен азық-түлік тауарларын тұрақты сатып алуға мүдделіміз. Біз мемлекеттеріміздің аграрлық әлеуетін тиімді пайдалануымыз керек. Сонда елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтамыз. Бұл қадам бәріміздің мүддемізге сай келеді, деді Тоқаев.

Осы ретте Президент Қ.Тоқаев  «Қорғас» халықаралық сауда орталығында Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынды.

Агроөнеркәсіп саласында цифрлық және «жасыл» технологияларды енгізу мәселесіне баса мән берген жөн. Бұл істе қытайлық серіктестеріміздің тәжірибесі мен мүмкіндігі аса қажет», деді Президент.

Токаев Қытай

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!