Қазандағы мектепте тоғыз адамды атып өлтірген Галявиев өмір бойына сотталды
Татарстанда Қазандағы мектептердің бірінде оқушыларға оқ жаудырған Ильназ Галявиевті сот өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Arbat.media
ТАСС ақпарат агенттгінің жазуынша, қылмыскер ерекше тәртіптегі колонияда отырады.
Галявиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалсын, - деп сот үкім шығарды.
2021 жылы 11 мамырда Қазандағы №175 гимназияның бұрынғы оқушысы Галявиев атыс ұйымдастырып, соның кесірінен 9 адам қаза тапқан болатын. Оның жетеуі оқушы болса, қалған екеуі аталған білім ошағының мұғалімі.
Аталған қылмыстық іс бойынша мектепте болған 667 адам жәбірленуші ретінде сотта Галявиевты айыптап, ол өз кінәсін мойындаған.
Поделиться
Читать Arbat media в