Евразия26 июня 2023, 16:35

Пригожинның ылаңынан кейін Ресейдің қорғаныс министрі алғаш рет қара көрсетті

Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу СВО деп аталатын аймақтағы Батыс әскерлер тобының басқару пунктіне барды. Бұл Қорғаныс министрінің Пригожиннің Мәскеуге қарулы жорығынан кейінгі медиа кеңістіктегі алғашқы рет көрінуі болып отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Пригожиннің "Вагнер" жасағының қарулы шаубылы кезіндегі талап қойып, елдің барлық жоғары әскери басшылығын, ең алдымен қорғаныс министрі Шойгу мен Бас штаб бастығы Герасимовты қызметінен босатуды сұраған болатын. 

Вагнерліктер Ресей астанасына толық қаруланып, шайқас жүргізіп жатқанда, әскери бөлімнің басшысы туралы ешқандай ақпарат жарияланбады және БАҚ беттерінде ол көрінбеді. Тіпті қарулы қақтығысқа қатысты Шойгу ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ, оның көтерілісті басуға жетекшілік еткені де еш байқалмады.  

Жанжал шешілгеннен кейін Пригожиннің Беларуссияға кеткені айтылды. Ал Шойгудің Ресейде бары мүлдем білінбеді. 

Бірқатар Telegram арналар елдің қорғаныс министрін федералды күзет қызметі ұстады деген ақпараттар жария болды. 

Екі күннен кейін қорғаныс министрлігі Сергей Шойгумен бірге желіге бейнежазба түсірді, оның  "СВО аймағындағы "Батыс" әскерлер тобының басқару пунктіне барғаны" айтылады. 

Министрліктің хабарламасына сенсек, Қорғаныс министріне майдандағы жағдай туралы баяндалған көрінеді. Ал Шойгудың өзі әскерлерді қауіпсіз орналастыруды ұйымдастыруға "ерекше назар аударғаны" байқалады. 

Шойгу Пригожин Ресей

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!