Евразия24 февраля 2023, 18:16

Өзбекстанда хайуанаттар бағында Қазақстаннан алынған керік аязға шыдамай өліп қалды

Өзбекстанның Ферғана хайуанаттар бағында аяз кезінде керіктің ауырып өлгені белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған зообақтың директоры Тұрсынәлі Мамажонов кезінде Қазақстаннан сатып алынған керіктің қаңтар айындағы қатты аязда ауруға ұшырап, содан айықпастан өлгенін мәлімдеді.  Эксзотикалық жауанр Қазақстаннан көршілес өзбек еліне 2018 жылы жіберілген. Оған Максим  деген ат қойылға. 

Ол тұрған бөлме кішкентай болғандықтан, оны далаға серуендеуге шығаратынбыз. Соңғы уақытта ол көп жатып қалды. Суық күндері сыртқа көп шығарғандықтан, суық тиген деп болжап отырмыз. Оны жануар өлгеннен кейін білдік. Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту басқармасынан, Табиғи ресурстар министрлігінен және басқа да ұйымдардан мамандар шақырылды. Жануардың денесін тексергенде ауырғаны анықталды. Кейін керік еті зообақтағы жыртқыш аңдарға берілді, - деді Тұрсынәлі Мамажонов.

Ферғана хайуанаттар бағында ауа райының шамадан тыс суық кезінде кейбір құстар да өлгені анықталып отыр. 

Керік Зообақ Өзбекстан Ферғана

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!