Өзбекстанда 2,8 триллион сомға заманауи туристік кешен салынады
Жақын арада Өзбекстанның туристік-рекреациялық аймағында құны 2,8 триллион сом тұратын заманауи туристік кешен іске қосылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол жерде 225 орындық конгресс орталығы, отбасылық демалыс орталығы, 4 төртжұлдызды және 7 үшжұлдызды қонақ үй, алты тұрғын үй, сондай-ақ жеті мейрамхана мен дәмхана болады. Сондай-ақ сегіз шақырымдық шаңғы жолын салып, 13 аттракцион құру жоспарлануда.
Бұған дейін Жизақ облысының Заамин ауданындағы «Заамин» туристік-рекреациялық аймағында құны 133,3 миллиард сом тұратын аспалы жол іске қосылған. Жоба швейцариялық компаниямен бірлесіп жүзеге асырылды, деп хабарлады Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігіне қарасты Туризм комитетінің баспасөз қызметі.