Өзбекстан Еуроодақпен 4 млн еуролық экожобаларды жүзеге асырады
Өзбекстан мен Еуроодақ 4 миллион еуроны құрайтын экологиялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өзбекстанның Экология министрі Азиз Абдухакимов пен Өзбекстандағы Еуропалық Одақ делегациясының елшісі Шарлот Адрианның кездесуінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Абдухакимов жалпы құны 4 миллион еуро болатын бірлескен жобалардың тез арада жүзеге асатынына сенім білдірді.
Екі тарап та экологиялық бастамаларды ілгерілетуге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Кездесуде Абдухакимов Еуропалық Одаққа Қарақалпақстанда және Ангрен қаласындағы №42 мектепте 27 мың түп ағаш отырғызудан тұратын «Яшил Макон» (Green House) бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтты.
Тараптар Еуроодақ делегациясының бұрынғы уран кен орындарын жою жұмыстары жүріп жатқан Ташкент облысындағы Ангрен және Янгиабад қалаларына көшпелі сапарының маңыздылығы мен табыстылығын атап өтті,