Евразия27 сентября 2023, 19:00

Өзбекстан BYD электромобильдерін шығара бастады

Өзбекстан қытайлық әріптестерімен бірлесе отырып, жыл сайын 300 мыңға дейін электр және гибридті көлік шығаруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өзбек елінде электрлі және гибридті автомобильдер шығаратын қытаймен бірлескен «BYD Uzbekistan Factory» кәсіпорны құрылады. 

Инвестициялық жобаның бірінші және екінші кезеңдерінде жоспарланған өндіріс көлемі 50 мыңды құрайды, ал үшінші кезең аяқталғанда бұл көрсеткіш 300 мың автомобильге жетеді.

Жаңа кәсіпорын қытайлықтардың Қытайдан тыс электр көліктері саласындағы әлемдік көшбасшылардың арасындағы алғашқы бірлескен кәсіпорынның бірі болмақ.

Өзбекстан элекстромобиль Өндіріс Қытай

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!