Өзбекстан бетті тұмшалайтын киімге, көп әйел алуға заңмен тыйым салды
Өзбекстан бетті тұмшалайтын ким киюге, көп әйел алуға заңмен тыйым салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өзбекстанның Олий Мәжілісі елдің Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгеріс пен толықтыру енгізетін заң жобасын мақұлдады.
Енді збекстандықтар мынадайда жауапқа тартылады:
- ұлты, нәсілі, этникалық және діни белгілері бойынша азаматтардың үстемдігін немесе толымсыздығын насихаттау;
- заң тәртібімен тіркелмеген некені діни рәсіммен тіркеу;
- екі және одан көп әйелмен бірге тұруды насихаттау;
- әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде мойындамау;
- азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүру.
Поделиться
Читать Arbat media в