Евразия30 августа 2023, 10:15

Өзбек мектептерінде қаржылық сауат сабағы оқытылады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бірнеше жаңа жоба мен бағдарламаны жариялады, бастамашыл жобалардың бірі – жоғары сынып оқушыларына  қаржылық сауат сабағын енгізу, сонымен қатар, бірінші сынып оқушыларына компьютерлік сауаттылық үйретіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мирзиёев соңғы жылдары Өзбекстанда 350 жекеменшік мектеп ашылғанын, онда 70 мың оқушының білім алғанына назар аударды. Дегенмен бұл мектептердің барлығы да балаларға қажетті білім берудің заманауи стандарттарына сай емес.

Мирзиеев 2023 жылы өзбек мектептеріне сабақ беру үшін өзге елдерден 500 ана тілінде сөйлейтін адамды шақыру жоспарланып отырғанын да атап өтті. Болашақта бұл көрсеткіш айтарлықтай артады.

 

Өзбекстан қаржылық сауат Мектеп Шавкат Мирзиеев

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!