Орталық Азия елдері басшыларының саммитінде 3 құжатқа қол қойылды
Душанбеде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультатив кездесуінде бірқатар құжатқа қол қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Саммит қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар:
1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультатив кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме;
2. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы жастар саясатының жалпы бағыттары туралы келісім;
3. Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы келісім.
Поделиться
Читать Arbat media в