Евразия9 февраля 2023, 18:14

Каспийде итбалықтардың қырылуына пневмония себеп болды

2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылу себебіне қатысты тексерудің қорытындысына сәйкес деректер белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Балық шаруашылығы комитеті өткен жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында өлген итбалықтар өліміне қатысты мәліметті жария етті.  Теңіз жануарларының өлу себебін анықтау үшін Балық шаруашылығы комитеті ғылыми ұйымдарды - Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығын, «Гидробиология және экология институты» мекемесін, “Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС, “Қолданбалы экология агенттігін” жұмылдырған.

Сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бөлімшелері қатысқан. Ғылыми ұйымдар мен құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған жұмыс тобы Каспий итбалықтарының қырылуының негізгі себебі - вирустық жедел пневмония болған деген қорытындыға келді.

Теңіз жануарларының иммунотоксикалық элементтермен және қосылыстармен созылмалы улануы олардың иммунитеті мен жалпы ағзаға төзімділігінің төмендеуіне байланысты жұқпалы ауруларға бейімділігінің артуына ықпал етеді. Осылайша, 2022 жылдың қарашасында табылған Каспий итбалықтарының қырылуына жануарлардың иммунитетінің төмендеуінен, соның ішінде олардың мекендейтін ортасының ластануынан туындаған вирустық инфекциялар салдарынан асқынған пневмония себеп болды», - деп хабарлады комитет өкілдері. 

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген рейд барысында 172 итбалықтың өлі өлексесі табылған болатын. 
 

Каспий Итбалық өлім Пневмония

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!