Евразия26 июня 2023, 19:30

Иркутскідегі газ кен орнында бес жүзге жуық қырғыз бен тәжік жұмысшылары төбелес шығарды

Иркутск облысының Ковиктинск газ конденсаты кен орнында Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары арасында жаппай төбелес тіркелді, деп хабарлады Arbat.media.

Қырғызстан СІМ-нің хабарлауынша, жанжал 23 маусымда тұрмыстық негізде орын алған. Төбелеске 500-ден астам адам қатысып, қырғызстандық бесеу азамат түрлі жарақат алып, біреуі ауруханаға жатқызылды.

Аталған оқиғаға байланысты Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастады. Қазір бұл мәселе Иркутскі облысындағы Қырғызстан елшілігінің консулдығының бақылауына алынған. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаппай төбелестің себебі қызметкерлердің бірінің асханадағы кезекті сақтамауынан туындаған. 

Иркутск Кен орны Төбелес

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!