Placeholder
Евразия30 июня 2023, 13:49

Францияның көптеген қаласында жаппай тәртіпсіздік жалғасып жатыр

Францияда 17 жастағы жасөспірімнің полиция қолынан қаза тапқаннан кейін бірқатар қалаларды жаппай тәртіпсіздік басталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазіргі уақытта Париж, Тулуза, Ренн, Бордо, Марсель және өзге қалалаларда полициямен қақтығыс жүріп жатыр. 17 жастағы жасөспірім полицияның бұйрығына бағынбай, тоқтаудың орнына қашып кетуге ұмтылған еді.

Осыдан соң полицей оған оқ атып, жасөспірім оқиға орнында қайтыс болған. Ал тәртіп сақшысы сот үкімі шыққанға дейін қамауға алынды. Оған байқаусызда адам өлтірді деген айып тағылғаны айтылды. Полиция қызметкері жас жігіттің талапқа бағынбағанын тергеу кезінде айтқан болатын. 

Жаппай тәртіпсіздік кезіндегі қақтығыстан оннан астам полиция жарақат алып, ел бойынша жүздеген адам ұсталды. Сондай-ақ, көптеген дүкендер тоналғаны анықталды. 

Франция Тәртіпсіздік өлім

Новости по теме