Еуроодақ пен Орталық Азияның бірінші саммиті 2024 жылы Өзбекстанда өтеді
Еуроодақ пен Орталық Азияның бірінші саммиті 2024 жылы Өзбекстанда өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Люксембургте Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің Орталық Азияның бес елінің әріптестерімен бейресми кездесуіне қатысушылар келісті.
Мұндай ауқымды шара алғаш рет өтті.
Кездесуге қатысушылар байланысты тереңдету бойынша бірлескен жол картасын қабылдады.
Еуропалық Одақ «ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге» дайын, деп мәлімдеді Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель.
Брюссель Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы реформаларды қолдауға дайын.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және ЕО елдерінің коммюникесінде: «ЕО санкцияларды айналып өтудің алдын алудың маңыздылығын атап өтті және қатысушылар осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті», - делінген.