Евразия11 февраля 2023, 5:29

Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір жылға пәтер жалдау ақысы берілетінін мәлімдеді

Түркия басшысы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге пәтер жалдау үшін бір жылдық пәтерақысы мемлекет есебінен төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Реджеп Тайып Ердоған елде болған зілзала салдарынан қайтыс болғандардың 19 388 адамға жеткенін, сондай-ақ, зардап шеккендердің саны 77 711 адам болғанын ресми атап өтті. 

Аталған жер сілкінісі Түркияда 1939 жылдан кейін орын алған ең зардабы мол апатқа баланып отыр. 

6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі орын алып, салдарынан бірнеше мың қала тұрғыны зардап шекті. Олардың арасында Қазақстанның 4 азаматы жоғалып кеткені белгілі болды. Олардың бірі тірі табылса, қалған екеуінің өлі денесін құтқарушылар үйінді астынан алып шықты. Сонымен бірге, бір қазақстандық азаматтың дерегі әзірге анықталмады. 

 

Реджептайып Ердоған түркия Жер сілкінісі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!