Бразилияда су тасқыны қырыққа жуық адамның өмірін жалмады
Бразилияда тоқтаусыз жауған жаңбырдан кейін 36 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Сан-Паулу штатындағы нөсер қазіргі уақытта жергілікті тұрғындарға қауіп төндіріп отыр. ТАСС халықаралық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бір күннің ішінде айлық жауын-шашын түскен.
Тасқын судан қатты зардап шеккен Сан-Себастьян және Бертиогада бұл көрсеткіш 627 және 683 мм жетіп отыр. Бұл бұған дейін тіркелмеген рекордтық деңгей болып отыр. Қазіргі уақытта штатта су тасқыны мен көшкін салдарынан тұрғын үйлер мен көптеген нысандары құлаған.
Сонымен бірге, Сан-Паулу штаты маңындағы аудандар мен көршілес Рио-де-Жанейро қаласымен байланыстыратын ірі жолдарда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Штаттың атқару мәліметіне бойынша, қазір үйінді астынан өлген адамдардың денесі көптеп табылып жатыр.