Ақмола облысында жолда тұрған көлік жанып кетті
Ақмола облысында жол бойында тоқтаған автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды Arbat.media.
ІІМ телеграм-арнасының жазуынша, төтенше жағдай Астанаа жақын маңда тіркелген.
16 ақпан күні Астана-Петропавл республикалық тас жолының 195 шақырымында Honda Stream автокөлігінің жүргізушісі елорда бағытында жүріп келе жатып, капоттың астынан түтін шыққанын байқады, деп жазды ІІМ телеграм-арнасында.
Оқиға барысында 40 жастағы жүргізуші көлік өртенгенге дейін сыртқа шығып үлгерген. Оқиға куәгері жедел түрде өрт сөндіру бригадасын шақырып, Макинск қаласының 8-құтқару өрт сөндіру бөлімінің күшімен тілсіз жау ауыздықталған. Оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеген.
Поделиться
Читать Arbat media в