13 апреля 2023 г.
/ Новости Казахстана
2GIS енді қазақ тілінде де болады
Енді 2GIS-те дүкендерді, қоғамдық тамақтану орындарын, дәріханаларды, мәдениет мекемелерін, көрікті жерлерді және басқа да орындарды қазақ тілінде де іздеп табуға болады. Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент және еліміздің тағы 41 қаласы мен 1245 елді мекенінің анықтамалық деректері мен карталары аударылды.