Серік Жұманғарин өз лауазымын сақтап қалды
Президент Жарлығымен Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, С.Жұманғарин сауда саясаты, агроөнеркәсіп кешені, жер қатынастары, ЕАЭО және ДСҰ аясындағы ынтымақтастық мәселеріне жауапты болмақ.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Серік Жұманғариннің кандидатурасы Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымына келісілген.
Бұған дейін президент Әкімшілігін басқарған Мұрат Нұртілеудің еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалғаны белгілі болды. Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымын атқаратын болды. Сонымен бірге, Қорғаныс және Ішкі істер министрі лауазымын атқарған шенеуніктер қайтадан өз қызметіне бекітілді.