Ринат Зайытов ұшаққа домбыраны кіргізбейтін әуе компанияларының әрекетін сынға алды
Айтыскер ақын, депутат Ринат Зайытов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне еліміздегі әуе компаниялары домбыраға байланысты әдейі жоспарланған қарсылық жүріп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Arbat.media.
Депутат әуежайда компания қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбейтінін атап, мәселе көтерген.
Әуе компаниялардың ұлттық аспаптарға қарсылығы жоспарланғандай жүріп жатыр. Азамат Өмірзақұлы, домбыра деген – ішінде бірде-бір металы жоқ, ағаштан жасалған аспап. Екіншіден, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деген Қадыр Мырза Әлінің сөзі бар. Әуе компанияларыңызға дұғай-дұғай сәлем айтыңыздар. Кімдікі болса да, шешіп беріңіздер: санауға саусақ жететін қазақытң 4-5 аспабы бар, - деді Ринат Зайытов.
Мәжілісмен аспаптарлы ұшаққа алып кіруге рұқсат беру керектігін атады. Егер рұқсат болмаса, Алматы, Астана әуежайында мың домбырашыны қойып "Адай" күйін ойнатып, жалынып сұрайық деген қызық ұсынысын жеткізді.
Бұның алдында белгілі айтыс ақыны, жас талант Айшолпан Тілеутайдың домбыратын әуе компаниясының қызметкерлері Fly Arystan ұшағына домбыра алып кіруге рұқсат бермей қойған болатын. Кейін ақын компания қызметкерлерінің әрекетін сынап, әлеумтеттік желіде жазба жариялаған еді.